Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қорғаныс министрлігі жас сарбаздардың өліміне қатысты түсініктеме берді

17:09, 29 маусым 2024 569
Қорғаныс министрлігі қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтаровтың жағдайына қатысты және қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың өліміе байланысты түсініктеме беріп, мұның Қарулы күштерге еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді,деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Министрліктің айтуынша, олар өз әскери борышын Ұлттық ұлан сапында өткерген.

Сонымен қатар, министрлік өкілдері қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Әскери қызметшінің ата-анасына жан-жақты қолдау көрсетіліп, барлық тиісті өтемақылар төленетін болады. Қорғаныс ведомствосы да, ата-аналар да жүргізіліп жатқан тергеудің шынайы болуына мүдделі. Әскери қылмыстарды тергеу барысын ҚР Бас прокуратурасы және ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелері қадағалайды", делінген хабарламада.

Тергеудің ашық, объективті болатыны да хабарланды.

Еске сала кетейік, Абай облысында мерзімді қызметтегі әскери сарбаз қаза тапты. Туыстарына жаттығу кезінде 20 жастағы Өсербай Ақанды көп тонналық әскери көлік таптап кеткені айтылған. Алайда, марқұмның жақындары бұған күмәнмен қарайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар