Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қорғаушы Бишімбаевтың жәбірленушіні зорламағанын, "етін жемегенін" айтып, сотта ашына сөйледі

11:49, 04 мамыр 2024 932
Азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күлікке ілінген бұрынғы экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі қарауға арналған сот отырысы жалғасып жатыр. кезекті сот отырысында Бишімбаевтың қоршаушысы сөз алып, Бишімбаевтың жәбірленушіні зорлап өлтірмегенін етін жемегенін айтты,деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Сотталушының адвокаты Лейла Рамазанова сериялық өлтіруші Андрей Чикатилоның 53 құрбаны болғанын алға тартты. Экс-министрдің бір адамды ғана өлтірді делінетініне тоқталды. Сондықтан Қуандық Бишімбаевты маньякпен салыстырмауға шақырды.
"Бишімбаев бірнеше жәбірленушіге зорлық-зомбылық жасаған жоқ. Зорлап өлтірген жоқ, жәбірленушіні жеген жоқ. Сондықтан Чикатиломен салыстырудың қажеті жоқ", - деді адвокат.
Орайы келгенде айта кетейік, Оттело – Уильям Шекспирдің шығармасындағы әйелін қызғаныштан өлтірген кейіпкер. Ал Чикатило – атышулы ресейлік маньяк. Ол бірнеше әйелді зорлап, денелерін бөлшектегені үшін ату жазасына кесілген.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар