Әдебиеттанушы, тілтанушы, түркітанушы ғалым, публицист, мемлекет қайраткері, 20 ғасыр басындағы қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы советтік қуғын-сүргінге ұшырап, 1937 жылы атылған.
Кейінгі жылдары Қазақстанда түрлі әуежайларға қазақ халқының белгілі қайраткерлерінің аты беріле бастағаны байқалады.
2020 жылы Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанова, Семей халықаралық әуежайына Абай, 2021 жылы Ақтөбе халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова, 2022 жылы Орал халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметова есімдері берілген.
2017 жылы Қазақстан астанасының халықаралық әуежайы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев атымен аталған.