Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанай облысында полиция қызметкерін өз үйінде өлтіріп кетті

17:22, 11 мамыр 2024 1041
10 мамырда Қостанай облысы,Ұзынкөл ауылындағы өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімінің қызметкері жансыз күйде табылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Жағдайға қатысты Қостанай облысының полиция департаменті түсінік берді. Мамандар қайтыс болған полицейдің криминалист болып қызмет атқарғанын,өзінің жыл сайынғы еңбек демалысын алып, үйінде тынығып жатқанында қаза тапқанын нақтылады. 

"Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ПД.

Орын алған оқиға егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысы ІІМ бақылауында екені хабарланды. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Естеріңізде болса, бұдан бұрын біз Баянауылда прокуратура қызметкерінің өзіне қол жұмсағаны хабарлағанбыз. Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкері, 29 жастағы азамат өз пәтерінде, жансыз жатқан жерінде, табылған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар