Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанай қаласында төтенше жағдай жарияланды

10:40, 06 сәуір 2024 441

6 сәуірде өткен брифингте Қостанай әкімі Марат Жүндібаев қалада ТЖ режимінің енгізілгені туралы хабарлады, деп жазады Alash.KZ ұлттық порталы. 

Қала әкімі су басу аймақтарында тұратын азаматтарды алдын ала эвакуациялауды сұрады.

"Босағаға су келгенше күтудің қажеті жоқ. Тұрғындар "мұндай бұрын-cоңды болған жоқ, бізже жыл сайын тек бақша мен үйдің іргетасын су алатын" дейді. Биыл екі есе су... мүмкін одан да көп су болады. Бүгінгі түскі ас кезінде біз судың алғашқы толқынын көретін боламыз, ал кешке қарай тағы су деңгейі көтеріледі", - деді әкім. 

Орайы келгенде айта кетейік, Қостанай облысының әкімшілігі Тобыл өзені маңында қоныс тепкен тұрғындарды да шұғыл эвакуациялауды көздейтінін хабарлаған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар