Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты жаңалық: дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға шықты

17:45, 28 шілде 2024 1211

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев тамаша нәтиже көрсетіп, 66 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы жазады.

Ширек финалда Ғұсман Қырғызбаев француз спортшысы Валид Хьярды таза жеңіспен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ғұсман алғашқы айналымда испаниялық Давид Гарсия Торнені және екінші айналымда атақты оңтүстіккореялық Ан Баулды жеңген болатын. Енді Қырғызбаев финалға жолдама алу үшін күресетін болады.

Айта кетерлік жайт, трибунада отандасымызды қолдауға Олимпиада чемпионы Елдос Сметов келген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар