Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қылығы нәзік, қатты бағалаймын, жақсы көремін: Нұрлан Әлімжан Қалаубаевамен арасында не бар екенін айтты

15:20, 13 қараша 2024 1240

Әнші Нұрлан Әлімжан мен Әйкерім Қалаубаева арасында не бар? Бұл сұраққа өзі нүкте қойды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Нұрлан Әлімжан мен Әйкерім Қалаубаева ең алғаш танысқан кезде екеуі де өнерге енді қадам басып жатқан бозбала мен бойжеткен еді. Сол сәтте басталған достық пен сыйластыққа әлі күнге дейін сызат түспеген. «Ол кезде мен 17 жаста, Әйкерім 16 жаста еді. Қазір жасым 41-ге кетті. Ойлаңыз, біздің достығымызға 25 жыл болды. Алланың атымен ант етейін, бұл біздің таза достығымыз. Мен Әйкерімді өте қатты құрметтеймін, Әйкерімге деген құрметім достықтың ең жоғары шыңы шығар. Мен бұрын ойлайтынмын, өмірде қызбен дос болу мүмкін емес деп. Шындығында қызбен де дос болуға болады екен. Әйкерім сондай жан, кейбір ерлерге қарағанда кәдімгідей жігітше өзіндік мінезі бар. Сырттай қылығы нәзік болғанымен, ішінде жігітше дос бола білетін өзінің мәрттігі, адалдығы бар, өте ақылды, дана қыз. Сондықтан да мен Әйкерімді өте қатты бағалаймын, жақсы көремін», – дейді Нұрлан Әлімжан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар