Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызым ауырып жатыр, бізді өлтіреміз деп қорқытуда: 1000 еркек зорлаған қыздың анасы шұғыл мәлімдеме жасады

20:52, 18 қараша 2024 632

Қызылордалық 16 жастағы қызды жезөкшелік жолға салған сыныптастары бостандыққа шыға ма? Бұл туралы жәбірленуші қыздың анасы сұхбат берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Airan.media-ға сілтеме жасап. 

”Басында барлығы 500-600 теңгеден басталған. Сыныптастары ақша сұрайтын еді. Кейін олардың қатарына туысқан әпкесі қосылады. Бастапқыда өзінің таныстарымен мақтанып, сырттай қорқытады. Артынша ішімдік ішіп, ішкеннің қаншалықты күшті екенін көрсетіп видео түсіреді. Кейін қызым мен сыныптасына да ішімдік ішкізіп, енді өзін емес екі қызды видеоға түсіреді. Артынша қызымды ұрып, тағы видео түсіреді. Осы видеолармен қызымды қорқытап, бопсалаған. Ата-анаңа көрсетеміз, желіге саламыз деп айтқан. Кейін үнемі ақша бопсалап отырады, қымбат телефонын күштеп тартып алады. Кейін соққыға жығып, телефонымен kyzdarnet сайтына тіркейді. Кәдімгі сутенерлер сияқты. Боспалаған қыздардың артында спортшылар, құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін туыстары тұр”, – дейді қыздың анасы.

Сыныптастары оның телефонын алып, арнайы сайтқа тіркеген.

“Қызым қарсылық көрсетуге тырысқан. Бірақ олар соққыға жығып, бопсалаған. Алғашқы клиенттерді де өздері тауып берген. Қаңтар айынан наурыз айына дейін қызымның телефоны солардың қолында болған. Клиенттердің ешқайсысы жасын сұрамаған. Қызымды 18 жаста деп көрсеткен. Отбасыңды өлтіреміз деп қорқытқан. Клиенттердің арасында құқфқ қорғау қызметкерлері де болған. Ата-анаң ешнәрсе істей алмайды деп айтқан. Біздің шамамыз жетпейді деп ойлаған сияқты қызым. Сынып жетекшісі боған оқиғаның барлығын естіген. Басқа сыныптың балалары да білген, қызымды келеке қылған”, – дейді.

Ата-анасы қызының қандай жағдайда жүргенін білмеген.

“Танымайтын 21 жастағы жігітке желіден жазып, қызым барлығын айтып берген. Үйдің жанына келіп, әкесіне хабарласқан. Әкесі барып қызымызды алып кетті. Қызымның жағдайы сұмдық еді. Әкесі таксимен полиция бөліміне алып барған. Бірақ ол кезде учаскелік полиция бөлімі жабық болған. Кейін үйге келіп, қызым болған жағдайдың барлығын айтып берді. Сыныптастары мен туысқан әпкесі ақша үшін осындай нәрсе жасауға мәжбүрлегенін айтты”, – дейді қыздың анасы.

Қыздың отбасы қаладан көшуге мәжбүр.

“Қызылордадан көшуіміз керек. Бұлай өмір сүре алмаймыз. Қазірдің өзінде жұмыс істей алмаймыз. Бұл қыздардың артында аудандағы жігіттер тұрғанын айтады қызым. Бір жігіт көшеде келіп маған бұл істі "қазбалама” деп айтты. Бірақ мен қызыма осыны істегендердің жазаға тартылғанын қалаймын. Қызым қазір ауырып жатыр. Жақында оны жекеменшік ауруханаға жатқызамыз. Бір жыл үш айдан кейін алғашқы сотталғандар бостандыққа шыға бастайды. Бұл заңды қалай түсінуге болады. Бізде заң кімге арналған?” – дейді қыздың анасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар