Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызым жылап келді, Жанқош менен кешірім сұрады: Қалдыбек Құрманәлі барлық шындықты жайып салды

15:39, 28 тамыз 2024 4518

Журналист Гүлбану Әниятқызы Әнарудың әкесі Қалдыбек Құрманәлімен тілдесіп, оқиғаның мән-жайын сұрап көрген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы  Caravan.kz сайтына сілтеме жасап..

Танымал журналист Гүлбану Әниятқызының хабарлауынша, қазіргі таңда Қалдыбек Құрманәлі қызын қолдау көрсетуде екен. Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Спортшы Жанқош зорлады деп арызданған Әнару Құрманәлінің әкесімен сөйлестім. Қалдыбек Құрманәлі белгілі сазгер, Шәмші әндерін насихаттап жүретінін білесіздер.

 
 

Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. “Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім” дейді. “Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім” деп отыр.

Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. “Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын” деп отыр. Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын деді.

Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар