Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Рекорд: Шетелге заңсыз ақша шығару бойынша Қазақстан 11-ші орында тұр

14:19, 30 сәуір 2024 445

Сұлтанбек Мәкежанов сенатта өткен дөңгелек үстел барысында қаражатты заңсыз шығару мәселесін шешу үшін арнайы ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Қазақстаннан жыл сайын 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады. Біздің еліміз 148 елдің ішінде 11-орында тұр. Қазақстан экономикасы шикізатқа бағытталғаны бәрімізге мәлім. Қазақстан көмірсутектер мен металдардың экспортына өте тәуелді. Экспортымыздың негізі өңдеу үлесі жоғары түпкі өнім емес, жер қойнауындағы пайдалы қазбалар", – деді депутат.

Шетелге заңсыз тасымалданған ақшаның халық жағдайын ауырлататынын да баяндады.

"Осылайша, бұл мәселе экономикалық шеңберден шығып, әлеуметтік-саяси сипатқа ие", – деді Мәкежанов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар