Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей-Еуразия аймағы. Мектеп оқулығында Қазақстанның "Ресей аймағына" кіргізілгені хабарланды

19:28, 31 тамыз 2024 894

Әлеуметтік желіде ер адам география кітабында Қазақстан аумағының дұрыс көрсетілмегенін айтып, шағымданған, деп хабарлайды  Alash.KZ. ұлттық порталы “Адырна” ұлттық порталына сілтеп.

Андрей Филатов 7-сыныпқа баратын баласына география пәні бойынша кітап сатып алған. Оқулық беттеріндегі картада Қазақстан Орталық Азияда емес, Ресей-Еуразия аймағында деп көрсеткен.

«Ұлым 7-сыныптың кітаптарын алып келді. Мен логист ретінде бірден география пәніне қызықтым. Алайда 2017 жылы шығарылған кітаптың 148-бетінде Қазақстанды Орталық Азия емес, Ресей-Еуразия аймағы деп көрсеткен. Біздің балаларды шатастырып отыр», - дейді видеоның авторы. 

Ал кітаптың "Атамұра” баспасынан шыққаны айтылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар