Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей Украинаны ракетамен атқылай бастады

16:28, 08 шілде 2024 796

Ресей әскері 8 шілде таңертең Украина қалаларын жаппай ракетамен атқылады. Ел астанасы Киевте кемі сегіз адам қаза тауып, 15 адам зардап шеккені хабарланды деп жазды Alash.KZ.

Ракета шабуылынан Киевтегі "Охматдет" балалар ауруханасының бір бөлігі бұзылған. Ауруханада зардап шеккендер бар, олардың нешеуі бала екені белгісіз.Ракета сынықтары Киевтің бірнеше ауданына, қала ортасына түсіп, бірнеше ғимаратта өрт шыққан.

Желіде жарияланған фото, видеолардан балалар ауруханасының қатты қирағаны көрінеді. Науқас балалар мен олардың ата-аналары сыртта отырғаны байқалады. Үйінділер астында адамдар болуы мүмкін.

Украина тарабы Ресей ракеталарды Каспий теңізінен жібергенін айтады. Бүкіл Украина аумағында дабыл қағылды. Ел ішінде ракетаға қарсы жүйелер іске қосылған. Украина президенті Владимир Зеленскийдің хабарлауынша, Ресей 40-тан аса ракета атқан.

Украинаның Днепр, Кропивницк және Кривой Рог қаласында, Донецк облысында да жарылыс дыбыстары естілді. Кривой Рог билігі он адам қаза тауып, 30-дан аса адам жараланғанын мәлімдеді.

Бұған қоса, Донецк облысындағы Покровск қаласында үш адам опат болғаны айтылды. Қаза тапқандар саны өсуі мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?