Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдің Беларусь еліндегі ядролық қаруды жасырған жері әшкереленіп қалды

10:04, 11 мамыр 2024 700

NYT спутниктік суреттерге назар сала отырып, Ресейдің ядролық қаруы Беларусь аумағының қай бөлігінде орналасқанын анықтады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Басылымның хабарлауынша, ядролық қаруы бар нысан Украина шекарасынан солтүстікке қарай 32 шақырым жерде, яғни Осиповичи қаласының жанындағы әскери қоймада орналасқан.

Онда (қоймада) жаңадан салынған кейбір құрылымдарда Ресей базаларындағы ядролық қоймаларға ғана тән ерекшеліктер бар, - дейді газет.

Атап айтқанда, ерекше қорғалатын аймақта бүкіл базаға тән қорғаныс-қауіпсіздік периметрлері бар. Мұнымен қоса алғанда, нысан қосымша үш қоршаумен қоршалған. Камерадан кеңес дәуірінен қалған жерасты бункерімен жапсарлас салынған жабық тиеу алаңы да байқалған.

Естеріңізде болса, 2023 жылдың шілдесінде CNN АҚШ Қорғаныс министрлігінің барлау басқармасы президент Владимир Путиннің ядолық қаруды тасымалдауына қатысты түсінік берді. Олар Ресейден Беларуссияға тактикалық ядролық қарудың алғашқы партиясын жеткізгенін айтқан Путиннің сөзіне күдік келтірмей, "шүбәсіз сену қажет" екенін хабарлады.

Орайы келгенде айта кетейік, Путин алғаш рет өзінің Беларуссия жеріне ядролық қаруды орналастыру туралы ойын 2023 жылдың наурызында мәлімдеген болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар