Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресми деректер: Қазақстандағы ең көп бала Түркістан облысында тұрып жатыр

12:09, 01 маусым 2024 619
1 маусым күні елімізде де, өзге мемлекеттерде де Халықаралық балаларды қорғау күні саналады. Мереке қарсаңында Ұлттық статистика бюросы мәлімет бөлісіп, еліміздегі балалар санына қатысты деректерді жария етті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 18 жасқа дейінгі балалар саны - 6 841 527. Оның ішінде 3,5 млн – ұл, 3,3 млн – қыз бала. Балалардың 59,7% қалалық жерде тұрады.

"Халықтың жалпы санында 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 34,1% құрайды. Өңірлер арасында халық санындағы балалардың ең жоғары үлес салмағы Түркістан облысында – халықтың 43,3% 18 жасқа дейінгі балалар, одан кейін Маңғыстау облысы (41,9%) және Шымкент қаласы (40,6%)".Ұлттық статистика бюросы

Сондай-ақ ұлттық статистика орталығы өңірлер бөлінісіндегі 18 жасқа дейінгі балалар санын да ұсынды:

  • Абай облысы – 188 321
  • Ақмола облысы – 223 493
  • Ақтөбе облысы – 330 877
  • Алматы облысы – 556 114
  • Атырау облысы – 274 688
  • БҚО – 217 427
  • Жамбыл облысы – 465 492
  • Жетісу облысы – 245 056
  • Қарағанды облысы – 317 101
  • Қостанай облысы – 206 584
  • Қызылорда облысы – 335 399
  • Маңғыстау облысы – 329 613
  • Павлодар облысы – 205 030
  • СҚО – 126 424
  • Түркістан облысы – 927 107
  • Ұлытау облысы – 75 506
  • ШҚО – 182 714
  • Астана – 472 070
  • Алматы – 665 430
  • Шымкент – 497 081

Сонымен қатар,ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай елдегі балалар саны 8 миллионға ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова хабарлады.

Төрағаның айтуынша, қазір Қақстанда 6,8 млн бала бар. 7 мыңнан астам мектепте 3,8 млн бала білім алады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар