Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Республика күніне орай Алматыда «Түркия әуендері» концерті өтті

11:28, 29 қазан 2024 198

Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында «Түркия әуендері» концерті өтті. Концерт түрік бауырларымыздың Республика күніне орай арнайы дайындалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Кеш қонақтарының қатарына Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мюдеррисоглу, өнер қайраткері әрі белгілі пианист Жания Әубәкірова, танымал мемлекет қайраткерлері мен қарапайым өнерсүйер қауымның қатары көп болды.

Әуезді әсем әнімен тербетіп түрік әуендері келген қонақтарды еріксіз баурап алды. Бағдарламада «Тағы бір Гүлниһал», «Көгершін», «3 вальс», «Ұзақ бір тар жолдамын», «Гүріл симфониясы», Са-на-не», «Devotion Адалдық — Сұлулығың түкке тұрмас», «Жүгіру», «Сары келін», «Үш түрік халық әуені » әндері керемет орындаумен көпшіліктің жүрегін елітіп, бір сәт сезімге бөлегені анық. Осы арқылы қазақ көрермендері түрік халқының бай мәдениеті, тарихы мен азаттық жолындағы жанкештілігі жан-жүрегімен түйсінгені байқалды. Себебі концерт аяқталғаннан кейін де орындаушылардың шығармашылығына орындарынан тік тұрып, қайта-қайта ду қол шапалақтап, құрмет көрсетті.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?