Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Самат Әбіш "Мәсімов ісі" бойынша тергелді

03:49, 31 шілде 2022 281
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы "Кәрім Мәсімов ісі" бойынша тергелді. Бұл жөнінде ҰҚК Tengrinews агенттігіне жіберген жазбаша жауабында айтқан.



"Самат Әбіш тергелді. Ол Мәсімов, Садықұлов, Ерғожин, Өсіпов және өзгелерге қатысты 175-баптың 1-бөлігі, 179-баптың 3-бөлігі, 218-баптың 3-бөлігі, 3-тармағы, 362-баптың 4-бөлігі 3-тармағы, 366-баптың 4-бөлігінде қарастырылған қылмыстар бойынша куәгер атанған" деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Комитеттің хабарлауынша, дегенмен Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс тіркелмеген, бұлтартпас шарасы қолданылмаған.

Биыл Қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бірнеше орынбасары қамауға алынған. Оларға "билікті күшпен басып алуға талпынды", "ірі көлемде пара алды", "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған. Оларды қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған.

43 жастағы Самат Әбіш Қаңтар оқиғасынан соң бірер аптадан кейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен алынды. Алайда оның үстінен қылмыстық іс қозғалмаған.

22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Самат Әбіштің "тергеу назарында" екенін айтқан еді.

ҰҚК-да 2010 жылдан бері жұмыс істеген Самат Әбіш күш құрылымдарындағы ықпалды адамдардың бірі болған.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар