Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Самат Әбіштің ісі сотқа жолданды

05:51, 15 қаңтар 2024 273


Қаңтарға қатысты іс әлі аяғына шыққан жоқ. Ендігі кезек алыптарға қарай ауысуда. Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеу қызметі ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.



Тергеу қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша жүргізілген. Іс сотқа жіберілді.  Естеріңізде болса, Самат Әбіш Қазақстаннан ешқайда шықпау туралы қолхатпен жүр. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер болғандықтан, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жарияға жатпайтыны хабарланады. 




Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Самат Әбішті бұлтартпау шарасының әлі өзгермегенін айтқан болатын.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар