Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұдан былай студенттер несиемен оқиды

06:09, 15 қаңтар 2024 316


Құжатқа сәйкес, несие ұлттық валютамен 10 жылға беріледі. Төлем оқу орнын бітірген соң емес, қарыз берілгеннен кейінгі айдан басталады. Егер студент академиялық демалыс алса – төлем уақыты шегеріледі.
Несиені алу үшін үміткер Қазақстан аумағындағы университеттің не одан кейінгі оқу орнының студенті болуы керек. Тәлімгердің қолында оқу құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде қаражаты барын растайтын білім беру жинақтау сақтандыру шарты болу керек.

Егер студент ата-ана қамқорлығынсыз қалса – тұрақты табысы бар, еңбекке қабілетті Қазақстан Республикасының бір азаматы кепіл болуы қажет. Ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттерге соңғы талап – міндетті емес.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар