Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Саяси тұтқындарға бостандық керек!

16:58, 27 қазан 2022 151
Мен кезінде Жанболат Мамай, Ермек Нарымбай, Марғұлан Боранбаевты да
аямай сынап жазғам.
Ұмытпасам, 2010-шы жылы Жанболат пен оның жолдасы Инга Иманбай Ақтөбеде менің үйімде қонып, құрметті қонағым да болды.
Ермек Нарымбаймен де "Ұлы Дала" қозғалысында жүргенде өте жақын араластым.
Өз басым диктатор Н.Назарбаев пен оның жан досы Нұртай Әбіқаевтың президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусинді саясаттан алшақтату үшін әдейі ұйымдастырылған проресейшіл бағыттағы сепаратистік спецоперацияның еріксіз құрбаны болып,3-жыл бойы жалындаған жастық шағымды тар қапаста өткіздім.
Түрме мен түзету колониясының тауқымет пен ащы дәмін татқан адам ретінде ЕРМЕК НАРЫМБАЙ, МАРҒҰЛАН мен ДАНАТ, ЕРЖАН ЕЛШІБАЕВ,ҚАЙРАТ СҰЛТАНБЕК,ЖАНМҰРАТ АШТАЕВ т.б.сияқты саяси белсенділерге "Жаңа Қазақстан" билігінен тезірек бостандық сұраймын!

Жоғарыдағы аты аталған азаматтардың саяси Һәм дүниетанымы Қазақ еліндегі "ҚДТ-ДВК" немесе "Нағыз Ата Жұрт" сияқты беделді ұйымдардың бағытымен сәйкес келмеуі де мүмкін,бірақ демократиялық үрдістер дамыған қоғамда шынайы плюрализм мен әрқилы пікіралуандығы болуы заңды құбылыс.
Сондықтан да көзі ашық,көкірегі ояу белсенділердің бәрін саяси тапсырыспен сотталған қазақтарды саяси тұрғыда алаламай,яғни бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып бірауыздан қолдауға шақырамын!

Тұрарбек Құсайынов

Тұрарбек Құсайынұлы
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар