Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Саяси ұлт боп қалыптасуымыз үшін елтаңбаны өзгертуіміз керек - ДЕПУТАТ

19:22, 04 сәуір 2024 570

Парламент мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл Қазақстанның саяси ұлт болып қалыптасуы үшін жаңа Елтаңбаның қажет екенін айтты. Бұл туралы 24.kz порталы мәлімдеді.

“Мемлекеттік рәміздеріміз бар, бірақ оған қатысты нормативтік тұрғыдан бекітілген (мынадай белгілер болу керек, олар осылай жасалу керек немесе мынадай принциптерге сай келу керек, тағы басқа) белгілі бір ережелер жоқ. Елтаңбаны әр ел өз салт-дәстүріне сүйене отырып жасайды. Тек өзінің геральдикалық принциптарына сүйенетін елдер де бар. Ал АҚШ секілді кейбір мемлекеттерде мүлдем елтаңба жоқ. Сондай-ақ елтаңбасын бекіткісі келген, бірақ бекіте алмаған Түркия секілді елдер де бар. 

Біз әзірге посткеңестік ұлтпыз, әлі жаңа саяси ұлт ретінде қалыптаса қоймадық. Ал жаңа Елтаңба біздің саяси ұлт болып қалыптасуымызға себеп болатын алғашқы қадам. Ал оның жаңаруына жұмсалатын мемлекет қаржысы туралы аталған маңызды мәселелерден кейін талқылану керек деп ойлаймын”, – деп пікір білдірді мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ депутат мемлекет басшысының “халық қолдаса Елтаңбаны өзгерту туралы ұсыныс жасағанын” атап өтті. 

Осы тұста Астанада және Алматыда  500-ден астам қазақстандықтардың арасында Елтаңба туралы сауалнама жүргізген "Жаңа адамдар" жастар қозғалысының өкілі “Жаңа Қазақстанды” құру үшін Елтаңбаны өзгерту керегін айтты.

“Елтаңбаны жаңарту деген бір суретті екінші суретпен ауыстыру деген сөз емес. Рәмізді өзгерту – бүкіл қазақстандықтардың және болашақ ұрпақтың ойын өзгерту. Жаңа Елтаңба әділетті әрі жаңа Қазақстанның символы болу керек. Елтаңба жай ғана рәміз емес. Ол – болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі басты идея”, – дейді жас буын өкілі.

Алматы қаласы Азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов та Қазақстанның жаңа Елтабаңға көшкенін қолдайтынын жеткізді. 

“Елтаңбаны өзгерту мәселесіне қатысты қоғамда түрлі ойлар айтылып, пікірталастар болып жатыр. Елтаңба – мемлекеттік тумен қатар жүретін рәміз. Оның тарихи, мәдени мұра екенін ескере отырып, елтаңба мемлекетті, елдің, ұлттың бірегейлігін көрсетіп, болашақ ұрпаққа серпіліс беру керек. Елтаңбада мемлекеттің мәдени-тарихи мұра позициясындағы бірегейлігін көрсететін негізгі атрибуттар болуы керек”, – өз ұсынысын айтты.

Елтаңбаның түгелдей жаңаруы қаншалықты ұзақ процесс?

“Геральдика саласы Қазақстанда енді ғана дамып келе жатыр. Мысалы Ресейде бұл саланың 300 жылға жуық тарихы бар. Айта кетейік, Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жыл ғана болғанымен, еліміздің ғасырлық тарихы бар. Рәміздің жаңаруына қатысты қиындықтар болады. Бірақ мемлекет қаржы бөлсе, жаңа Елтаңбаның үлгісі қабылданса республика бойынша ескіні жаңаға алмастырамыз. Бұл процесс ұзаққа созылмайды. Астанадағы елтаңбаларды ауыстырып, Алматыдағы Елтаңбаны ескі күйінде қалдыра алмаймыз. Мемлекет басшысы айтқандай, билік өкілдері бастаған арнайы комиссия құрылып, Елтаңбаның жаңаруына геральдист, тарихшы, суретші, өнертанушы мамандар ат салысады деп сенемін”, – дейді “Қолжазбалар және сирек кітаптар” ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов

“Елтаңбаның негізгі қызметі – мемлекеттік биліктің көрінісі, бейнесі. Ту мен Елтаңба өзара үйлесім табуы керек. Мен қазіргі таңда ту мен елтаңбадан үйлесім көрмеймін. Мысалы, көшпенділердің туындағы негізгі белгі – бүркіт. Мемлекеттік туда бүркіт бейнеленген. Бірақ елтаңбада оның бейнесі жоқ. Мемлекет басшысы айтқандай, біз – Алтын Орданы мирасқорларымыз. Геральдика мамандары бүркіттің Алтын Орда елтаңбасында,ы негізгі белгі екенін біледі. Жаңа әрі әділетті Қазақстанды құруда елтаңбаның жаңаруы – тарихи қажеттілік”, – деді “Екінші республика” қоғамдық қорының президенті Аян Төреқұлов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар