Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Семейде "Өрмекші адам" болып жылу желілеріне шығып жүрген жеткіншекті полиция ұстады

09:52, 13 маусым 2024 627
Семей қаласының тұрғындары "өрмекші адамның" тағдырына алаңдаушылық танытты. Олар жылу желілерінің құбырларында өрмелеп жүрген "Өрмекші адамды" көрген. Кейіннен қауіпсіздігіне алаңдап, полицияға хабарлаған. Сақшылар оны көшеден ұстап әкетті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Семей қаласының тұрғындары мұржаларға өрмелеп жүрген супер қаһарманды, яғни "Өрмекші адамды" көшеден байқап, видеоға түсіріп алған. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы бірден келіп, "супер қаһарманның" қауіпсіздігіне алаңдаушылық танытатынын айтып, одан биіктен түсуін сұраған. Кейіннен профилактикалық әңгіме өткізіп, мұндай ойындардың өте қауіпті екендігін айтқан. 

"Полиция қызметкері Дастан Жақпанов "Өрмекші адамның" небәрі 16 жаста екенін біліп, оны бірден үйіне жеткізді. Анасының қатысуымен онымен профилактикалық әңгіме өткізіп, мұндай ойындардың өте қауіпті екендігіне назар аударды", делінген полиция хабарламасында.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?