Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев пен Байжановтың апелляциясы бойынша сот ісі қозғалды

13:18, 12 маусым 2024 449

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сатыға өтті. Бишімбаевтың, оның туысы Бақытжан Байжановтың және олардың адвокаттарының арыздары Астана қалалық сотына түсті деп хабарлайды Alash.kz.

Апелляциялық іс түскені туралы ақпарат Сот кеңсесінің сайтында 11 маусымда пайда болды. Шағымдарға қатысты құжаттар Астана қалалық сотының судьяларына тапсырылды. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құжаттардың облыстық сотқа жіберілгенін растады.

 

 

Бишімбаев ісінің егжей-тегжейлері жариялану үшін жабық күйінде қалды. Тек сот шешімінің шығарылу мерзімі мен процестің кезеңдері туралы ақпарат бар.

Қуандық Бишімбаев 2023 жылы 9 қарашада кісі өлтірді деген айыппен ұсталған. Тергеу анықтағандай, «Bau» мейрамханасындағы жанжалдан соққыға жығылуы салдарынан Салтанат қайтыс болды.

Алқабилер соты 2024 жылдың 27 наурызында басталды. 24 сәуірде Бишімбаев азаптау мен ерекше қатыгездік қолданылғанын мойындамай, кісі өлтірудегі кінәсін ішінара мойындады.

13 мамырда сот Бишімбаевты қатаң режимдегі колонияда 24 жылға, ал оның туысы Бақытжан Байжановты төрт жылға орташа режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды. Сотталғандар мен олардың адвокаттары 28 және 29 мамырда аппеляциялық шағым түсірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар