Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Айсұлу Сламбекова қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаеваға салтанатты түрде ведомстволық марапатты табыстады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Айжан Құлбаева "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталды.
Айсұлу Сламбекова сот төрағасы Құлбаеваның істерді адал, сапалы қарайтынын атап өтіп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.