Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шалбарымды жыртып, өлтіремін деп қорқытты": Ақтөбе облысында әйел күйеуін пышақтап өлтірді

11:24, 31 шілде 2024 468

Ақтөбе облысында әйел мас күйеуінің ашуынан қорқып, оны пышақтап тастаған деп хабарлайды Alash.KZ.

Алға ауданы Тамды ауылында 47 жастағы ауыл тұрғыны күйеуінің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген. Оқиға болған күні кешке ол күйеуімен шарап ішіп, кешкі ас әзірлеп, кенже ұлын ұйықтатқанын айтты.

«Күйеуімнен жатуын өтіндім, тиісуін қоймаса, үлкен ұлымды шақырамын, сонымен бірге анама кетемін деп айттым. Үлкен ұлым басқа некеден. Ол “ұлың бірдеңе деп көрсін, ішегін бұрап тастайтын” деп айтты. Содан соң шалбарымды жыртып, өлтіремін деп қорқытты. Сол кезде ашуланып, оған пышақ сұға бастадым», - деді әйел.



Ол күйеуіне неше рет пышақ салғанын білмейді. Бәрі ашу үстінде кенет болды дейді.

«Шошып кеттім, қанды көргенде не істегенімді түсіндім, күйеуім жедел жәрдем шақыруды өтінді. Есік ішінен кілтпен жабылған, оны таппағасын терезе арқылы сыртқа шықтым. Менің өтінішім бойынша көршім жедел жәрдем мен полиция шақыртты», - деді әйел.

Сот күйеуін өлтірген әйелді 8 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың ортақ ұлын әжесі қамқорлыққа алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар