ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы парламент палаталарының бірлескен отырысында никабқа қатысты жеке пікірін білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ azattyq.ruhy-на сілтеп.
«ҚМДБ - ислам дінін насихаттаушы орталық. Никаб деп бетті тұмашалайтын киімді айтады. Біз оған қатысты мәлімдеме жасаған едік. Шариғат никабты міндеттемейді. Біз оны осыған дейін де айттық. Оны заң бойынша қалай реттейтіні бізге қатысты емес. Біз өз насихатымызды жүргіздік. ҚМДБ халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Халықтың пайдасына шыққан кез келген заңға біз бағынамыз. Балиғат жастағы, Аллаға сенген кез келген қыз баланың орамалмен жүруін шариғат міндеттеген. Сондықтан балиғат жастағы қыз бала орамалмен жүруі керек. Біз оны осыған дейін де айттық. Намаз оқитын қыз бала орамалмен жүргісі келеді. Оның құқығы неге шектелуі керек?», - дейді Бас мүфти.
Еске салсақ, осыған дейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқушылары мектеп формасы кию керек деген болатын. Министр Конституцияда еліміз зайырлы болып саналғандықтан, мектеп те зайырлы болуы керегін алға тартқан еді.
"Шариғат никабты міндеттемейді": Бас мүфти орамал тартуға қатысты өз ойын айтты
Көбірек оқу
18:47, 02 қыркүйек 2024 0
“Мен көп адамға ренжідім”. Министр Саясат Нұрбектің қазақстандықтарға өкпесі қара қазандай
16:11, 23 қараша 2024 191
«Жақсы сөз жанымызды байытады тек...». «Алғыс» әнін орындаған Қарақаттың шәкірттері ел алғысына бөленді
14:10, 23 қараша 2024 164
"Ауылдан адам көшкенмен...". Қазақстанның бірнеше өңіріндегі ауылдардың жойылатыны хабарланды
12:37, 23 қараша 2024 395
"Cпорт саласы жылдан жылға нашарлап барады". "Ақжайық" футболшылары таксимен жан бағып жүр
10:01, 23 қараша 2024 150
Ақтөбеде полицейді Lexus көлігінің капотында сүйреген экс-депутаттың келіні сотталды.
19:32, 22 қараша 2024 230
Енелер келінін сурет арқылы дуалайды: алматылық емші қара магия мен жындар туралы айтты
18:23, 22 қараша 2024 352
Ауыл имамы жындар туралы әңгіме айтып, әйелін жылдар бойы қорқытып ұстаған
15:36, 22 қараша 2024 481