Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шаршы метрге 400 мыңнан берілсін: Құлсары халқы қатты ашулы күйде митингке шықты

09:20, 16 мамыр 2024 485

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары халқы митингке шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

 
Желілерде Құлсары қаласы халқының ызалы күйде митингке шыққан видеолары тарады. Олардың барлығының үйі суға кеткен. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Халық өз шығынының орта есебін 400 мыңнан бағалап отыр.

“Суға кетірдіңдер ме? Боққа батырдыңдар ма? Енді баратын жеріміз жоқ. Қандай үй болсын, кеше кірген болсын, 50 жылдық үй  болсын. Налог төлеп тұрды ғой” - дейді Құлсарылық азамат.  

Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің 2 906-нан су кеткен. Бүгінгі таңда 2 667 тұрғын үй-жай техникалық бағытта тексеріліп, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілген. Барлығы 3 мыңға жуық өтініш түскен.

– Сонымен қатар, мүлкіне залал келтірілген 289 кәсіпкермен залалды өтеу бойынша консультациялар өткізілді. Бүгін түстен кейін тұрғындарды техникалық тексеру және бағалау қорытындыларымен кезең-кезеңмен және үймен таныстыру басталады, - деп сендіреді жедел штаб.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар