Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шартты жазамен сотталған Самат Әбіш шетелге шыға ала ма?

11:09, 27 наурыз 2024 413

Шартты түрде сотталған экс-президент Назарбаевтың немере інісі – Қазақстан ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш шетелге қашан шыға алады?

Бұл сұраққа Астана қаласы бойынша сот әкімшілігі департаментінің басшысы Елдос Жұмақанов жауап берді деп хабарлайды alash.kz сайты "Ұлысмедияға" сілтеп.

Сұхбатында Жұмақсанов жазаны өтеудің шартты мерзімі болған кезде адам өзі тіркелген және тұратын елдімекеннен кетуге құқығы жоқ екенін атап өтті.

– Мысалы, егер Астана қаласы болса, ол сол жерде болуы керек (...) ІІМ жанынан қылмыстық-атқару жүйесінің органы бар, ол белгілі бір уақытта, белгілі бір күні тұрғылықты жері бойынша учаскелік бөлімге келіп, ол жүруі тиіс мекенде жүргенін тексереді, - деп атап өтті ол.

Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраева спикерден ертең Дубай жағажайларында Әбішті ешкімнің кездестірмейтініне, шартты түрде сотталған адамға шетелге шығуға мүмкіндік беретін қандай да бір ерекшеліктер жоғына кім кепілдік беретінін сұрады.

– Кейбір жағдайда белгілі бір уақыттан кейін соттылық, әрине, өтеледі. Мүмкін 4 жылдан кейін немесе өткен мерзімнің 2/3 бөлігі өткен жағдайда. Қылмыстық атқару кодексін қарау керек, осы бап бойынша азамат қанша уақыттан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босауға құқылы екенін білген дұрыс. Ал, белгілі бір уақыт – 2-4 жыл – адам, әрине, шектеулі болады. Тіпті басқа аймаққа бара алмайды, - деп жауап берді сот әкімшілігі департаментінің басшысы.

Ибраеваның Әбіштің шектелуі небәрі екі жыл болуы мүмкін бе деген сұрағына спикер тіпті екі жылға шектелудің өзі "өте қиын" екенін атап өтті.

– Карантин кезінде бізде адамдар қабырғаға шығып кетті ғой. Мұнда да солай. Бұл өте қиын. Адамға шектеу болған кезде бұл өте қиын, - деп санайды ол.

Самат Әбішке үкім

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары әрі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш кінәлі деп танылып, Қаңтар оқиғалары туралы іс бойынша шартты үкіммен сотталды

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу жүргізілген. Осы баптың санкциясы бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сондай-ақ, жаза мүлікті тәркілеуді және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруды қамтуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар