Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шай қойып жатқанда буындырып тастаған". Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

10:54, 01 маусым 2024 357
Ақтөбеде облысында бұрынғы әйелін қылқындырып өлтірген ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үш баланың анасы ер адамның қолынан қаза тапты. Қайғылы жағдай 1 ақпанда болған, Alash.KZ ұлттық порталы.

Айыпталушы сот үстінде  бұрынғы әйелін жанжал кезінде ажал құштырғанын, ашу буғанда қылқындырып қойғанын айтқан.

«Бірақ бұл жерде әдейі жоспарланған әрекеттері айтқанымен қисынға келмейді. Оны сол уақытта такси күтіп тұрған. Тұншықтыру кезінде ауыз және мұрынды жапқан. Медициналық білімі бар қылмыскер өлтіру үшін қалай тұншықтыруды білген», - деп жазады Дина Таңсәрі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Адам өлтіру» бабымен тергелген іске үкім шықты. Айыпталушы Х. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталды.

Жәбірленуші тарап сот үкімімен келіспейтінін жеткізіп, сотталушының әкелік құқынан айыруға арыз түсіретінін айтты. Марқұм 26 жаста болған. Айбанудың артында 6,5,3 жасар балалары қалды. 

Еске сала кеетйік, қайғылы оқиға Темір ауданы Шұбарши ауылында болған. Біз бұған дейін де бұл оқиға жайлы жазғанбыз. Ерлі-зайыптылар 2022 жылы ажырасқан.  Алайда екі жылдан кейін ол отбасына қайта оралып, әйелі оны қабылдаған. 

Сол түні балалар көрші бөлмеде ұйықтап жатқан. Айбану ас үйде күйеуіне шәй қойып, артына бұрыла бергенде ер адам шабуылдап, тұншықтырып өлтірген.

"Әйелдің туыстарының айтуынша ер адам Ақтөбеден таксимен келген. Ал таксистке ауылдың шетінде күтіп тұруын айтқан. Бұл мұқият жоспарланған суық қанды кісі өлтіру. Ер адам бәрін алдын-ала жоспарлады. Ал оның мотиві ол бөліскісі келмеген жылжымайтын мүлік мәселесі. Айбану қалада емес, ауылда тұрды. Оған материалдық жағынан қиын болды. Экс-жолдасы екеуіне ортақ пәтер болды", - деді Дина ханым.

"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық тергеу аяқталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - деп жауап берді Ақтөбе облысының ІІД.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар