Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шерзат Болаттың әкесі қылмыскер ме?". Бас прокурордың орынбасары мәлімдеме жасады

14:21, 31 қазан 2024 1054
Талғар оқиғасында зардап шеккен азамат, марқұм Шерзат Болаттың әкесі қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бұл жайлы бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.

«Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу жұмыстары бақылауда. Қазірдің өзінде күдіктілер ұсталып, оларға қатысты бірқатар айып тағылды. Қайтыс болған жасөспірімнің әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Үйді өртеуге қатысты іс тергеліп, сараптамалар тағайындалды», - деді ол.

Еске сала кетейік, 4 қазанға қараған түнде Алматы облысы, Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмды. Кейін, 12 қазанда, марқұмның отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кетті. Полиция 5 бап бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазір 11 күдікті ұсталған. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар