Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шетелдік 41 компания Қазақстанға көшіріледі

14:42, 05 наурыз 2024 336

Үкіметте өткен брифингте ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Қазақстанға шетелдік компанияларды релокациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Бүгінгі таңда тізімде 30-дан астам елдің 400-ге жуық компаниясы бар екені мәлімделді.

«Бүгінгі таңда құны $1,5 млрд-тан асатын 41 компания бойынша нақты нәтижелер бар. Бұл InDriver, TikTok, Fortescue және т.б. Бүгінгі таңда 37 компания бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысты салалық мемлекеттік органдар мен Инвестициялар жөніндегі комитет жүргізеді. Мерзімдер әр компания үшін жеке қойылады», — деді Б.Құдайбергенов.

Вице-министрдің айтуынша, біздің елімізге релокациялауға (көшіруге) ниетті шетелдік компаниялар үшін басым салалар айқындалған. Бұл негізінен өңдеу өнеркәсібі, IT секторы және тау-кен өнеркәсібі салалары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар