Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте "Хизб-ут-Тахрир" ұйымы жиналыс өткізіп, үгіт-нәсихат жүргізіп келген

16:49, 22 шілде 2024 696
Шымкентте ҰҚК 22 адамнан тұратын «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымын әшкереледі, деп хабарлайды Alash.KZ сайты.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, олар биыл наурыз-сәуір кезінде «Рамазан» айында «ауызашар» өткізу сылтауымен діни жиындар өткізген. Жергілікті жақтастарының санын көбейту үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

Тінту барысында елімізде тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабынының 1-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталды. Осыған байланысты Шымкент қаласының прокуратурасы елдің конституциялық құрылысын бұзу мақсатында радикалды экстремистік ұйымдарға кіруге үгіт-насихат немесе шақыру үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді, – делінген прокуратура хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар