Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абай облысындағы қарапайым мектеп мұғаліміне испандық әншіден ұсыныс түсті

20:08, 20 шілде 2024 630

Абай облысында мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ерқанат Сәдуханов испандық әншімен бірге ән жазатын болды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Ауыл мұғалімі 2 мың теңгеге күтпеген жерден зәулім үйлі болды

Декретте жүріп кәсіп бастаған мұғалім

Білім саласының қызметкері Eraholic лақап атымен танымал. Жақында оған әлемге әйгілі испандық әнші Rosalia-дан жаңа әнді бірге жазуға ұсыныс түскен. 

Әкімдіктің мәліметінше, Eraholic бұрын танымал шетелдік әнші Dua Lipaмен жұмыс істеген. Енді өз қабілетін тағы шыңдап, өзін жаңа бағытта сынап көрмек. Оның айтуынша, әнші өзі ұсыныс айтып байланысқа шыққаннан кейін бірге жұмыс істеуге келіскен.

Болашақ туынды Қазақстанда танымал болып келе жатқан реггетон стилінде латын мотивтерінде жазылады. Сонымен қатар Ерқанат қазір басқа да ірі шетелдік әртістермен келіссөздер жүргізуде. Әсіресе жас әртістермен бірге жұмыс істеп келеді. 

Айта кетейік, Ерқанат Садуханов мектепте биология пәнінің мұғалімі, 7-10 сыныптарда сабақ береді. 10 жылға жуық әндерге аранжировка жазумен айналысады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар