Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шымкенттің құрметті азаматы". Әнші Қайрат Нұртасқа "ғайыптан" алған атағын қайтару ұсынылды

16:36, 11 шілде 2024 2329
Белгілі әнші Қайрат Нұртасқа 2019 жылы берілген "Шымкенттің құрметті азаматы" деген атақты кері қайтару ұсынылды. Бастаманы көтерген белсенді әншінің атаққа лайық еместігін әрі оның жас буынға үлгі-өнеге көрсетіп жүрмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Бастаманы Шымкент қаласындағы "Қоғамдық кеңесі" мүшесі Рүстем Есімханұлы Ашетаев көтерді. 
Бұл той әншісіне 2019 жылы “ғайыптан” Шымкенттің құрметті азаматы деген атақ берілді. Кімнің ықпалымен берілгені белгілі ғой. Оны ұсынған адамның көңілін қимай сол кездегі мәслихат депутаттары қолдап бекітіп берді.
 
Негізі бұл атаққа ұсынылатын үміткерлерді белгілі бір критериялар арқылы іріктеледі. Әрі өз талаптары бар. Бұл әншіні қандай “ерен еңбегі” үшін берілгені маған жұмбақ. Әншілігі үшін дейін десең ешқандай халықаралық жүлде алмаған “фонограмщик”. Қайырымдылық жасаумен аты шықпаған. Нақты қаламыз бен халқымызға тигізген ешқандай пайдасы жоқ. Қаламызды дамытуға қосқан үлесі болса бір сәрі тым құрығанда. Ондай пайдасы тиді деп те айта алмаймаймын.
 
Сонда бұл тойдың әншісіне бай-шонжарлардың тойында ән салғаны үшін берілді ме?! Тойға шықса ақшаға шықты. Әлде, қала мен мектептерде тегін концерттер берді ме?!
 
Не үшін берілді бұған сонда?!
Әлде, жастарға үлгі деп берді ме?
Үлгі деп берген болса ол үлгі болып жүр ме қазір?
Олай болса үлгі емес қазір деп бұл атағын кері қайтару керек. Оған қазіргі мәслихаттың толық құзіреті бар. Кезінде кеткен қателікті түзететін уақыт келді.
Бұлардікі рахат екен. Бұзақылық жасап ана жаққа “кіріп-шығеп”, онысынан ұялмастан ыржалақ-ыржалақ етіп әзілін айтып әнін шырқап жүре беретін.
 
Негізі бұл атақтың құны өте жоғары. Оған өз саласының ең лайықтысы, қалаға әбден еңбегі сіңген деп қоғамда мойындалған азаматтарға ғана бұйырады. Ал мынандайларға беру арқылы біз бұл абыройлы атақтың құнын қолдан түсіріп жатырмыз. Ал бұл атақтың абыройын асқақтатуымыз үшін осындайлардан қайтадан кері қайтаруымыз керек. Бұл атақтың абыройын осылай ғана көтереміз.
Әрі келесі жолы үміткерлерді іріктерде ойланатын боламыз. Бұл сабақ болады.
Оның “еркелігін” тойдағы фанаттары тойда көтере берсін. Есті қоғам әрдайым әділдік жағында болуымыз керек, - деді қоғам белсендісі.
 
Оқырмандар жағы да бұл ұсынысқа белсенді пікір білдіріп жатыр: 
 
"Негізі, сол қалада немесе ауданда тұрып, сол жерге ұзақ жылдар тер төгіп еңбек еткен адал азаматтарға ғана “Құрметті азамат” атағы берілуі тиіс. Сонда ғана құны болады. Қазірге құны шамалы", "Қайрат Нұртас қазақы эстраданың үлкен сахналардағы мүшкіл халін өзгерткен брендті тұлға. Әрине, мамасының, басқаның ақтауымен әппақ болып жүре берсін демеймін. Өнерпаздардың ішкі мәдениеті, қоғамдағы мәдениетіндегі жетімсіздіктері жазасын алуы шарт. Ол жаза тапсырыстардың азаюы, мемлекеттік, квази сектордың шараларынан шеттетілу түрінде болар. Жалпы, әлдекімдер құсап ештеңе болмағандай әзіл айтып жүре алуы да орынсыз" деді олар.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар