Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкенттің шағынауданында орналасқан көпір жартылай опырылып түсті

11:53, 09 маусым 2024 346

Шымкенттігі Жаңаталап шағынауданында жол көпірі жартылай опырылып түсті. Бұл халық көп қоныстанған елді мекенді қаламен байланыстыратын жалғыз көпір, Alash.KZ ұлттық порталы otyrar.kz-ке сілтеп. 

Төтенше жағдай орнында апатты қалпына келтіру жұмыстары басталды. Тұран ауданының әкімі таңға дейін жергілікті тұрғындарды айналма жолмен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Әзірге мүмкін болатын жалғыз жол – шаңдақты жол, ол шамамен 6 шақырым, дейді жергілікті тұрғындар. Көпір арқылы өтетін жолды полиция қоршауға алды.

Мамырдың бірінші онкүндігінен бастап қатты жауын-шашын болғаны белгілі, нәтижесінде Бадам өзені бойынша ең көп ағын 49.5 текше метр/с құрады, өзен арнасын көпірден 100-120 м. төменде жуу фактілері орын алған. Қазіргі уақытта өзендегі су шығыны 15.3 текше метрге дейін төмендеді. Оқиға орнында жою бойынша қалпына келтіру жұмыстарына ЖАО (20 адам және 5 техника), ТЖД (5 адам және 2 техника) жұмылдырылды. Бұл учаскеде жүк автокөліктері үшін қозғалыс шектеулі (жеңіл автокөліктерге шектеулер жоқ).

07.06.2024 жылы сағат 22:00-дегі жағдай бойынша көпір тірегі 1 метрге шөккен, көпір бойынша қозғалыс барлығына жабық, ескерту белгілері қойылды, осы көпір арқылы Шымкент қаласынан Жаңаталап тұрғын алабына (халқы 5000 адам) қозғалыс жүзеге асырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?