Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ШҚО-да шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төледі

10:28, 09 қыркүйек 2024 314

Шығыс Қазақстан облысында шенеуніктер бір көзден заңсыз келісім-шарттар жасаған, деп хабарлайды Alash.KZ.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою үшін мемлекеттік сатып алу саласында 1,4 млрд теңгеге 78 келісімшарт заңсыз жасалған. Бұл шарттарды жасау кезеңінде ТЖ жарияланбағаны, тиісінше бір көзден шарттар жасасуға негіз болмағаны анықталды.

Атап айтқанда, жергілікті әкімдіктер қарды шығару, әкімшілік ғимараттарды жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және тағы басқа тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алған.

Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды іске асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бүгінге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар