Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Майқайыңдағы апат - автобус жүргізушісінің денесі табылды

17:42, 25 шілде 2024 583

Павлодар облысында РЦШ ПВАСС-тың төртінші қаза тапқан жұмысшысының денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

25 шілдеде Павлодар облысының ТЖД күштері мен құралдарының тобы «Майкаинзолото» АҚ аумағына жұмыс жүргізуге келді.

Павлодар облысының ТЖД құтқарушылары, РЦШ ПВАСС және кен орнының жұмысшылары автобус фрагменттерін шығару бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Мамандардың жұмысы өмірге қауіп төндіретін жағдайда жүргізілді, өйткені топырақтың үгітілуі және тастардың құлау қаупі болды.

Іздеу-құтқару жұмыстары барысында, сағат 16:05-те экскаватор шелегімен топырақты тазарту кезінде, 75 метр тереңдікте жүргізушінің денесі табылып, сараптамаға жіберілді, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы және үлкен қауіппен жүргізілді.

Жұмыс барысында тау жыныстары мен топырақ үнемі үгіліп отырды. Әр түрлі қызметтердің 200-ден астам қызметкері жұмылдырылды. 180 мың тоннадан астам тау жынысы өңделіп, шығарылды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар