Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Өз қызын өлтірген ананы психоаналиктер тексеріп жатыр

18:09, 14 маусым 2024 591

Марқұм Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталған анасын психоаналитиктер тексеріп жатыр. Бұл туралы Павлодар облыстық соты мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy.сайтына сілтеме жасап.

«Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сотталушы Т.В. Давыдоваға қатысты қосымша комиссиялық стационарлық сот-психиатриялық сараптама тағайындады», – деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.

Егер Татьяна Давыдованың ақыл-есінде ауытқуы бар екені анықталса, түрмеге емес, психиатриялық ауруханаға жатқызылады.

Сондай-ақ, екінші сотталушыға қатысты Павлодар облысының прокуратурасы ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», - деп атап өтті қадағалау органында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?