Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Атырауда өз ата-анасын өлтірген жігіттің соңғы хаты табылды

09:08, 08 қазан 2024 1508

Атырауда 25 жастағы жігіт өз ата-анасын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсады. Бұл жағдайдың мән-жайын Астана телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Телеарна хабарлауынша, қазір әлеуметтік желіде қылмысқа қатысты түрлі әңгіме желдей есіп жүр. Ондағы мәліметке сенсек, жас жігіт ата-анасына бірнеше рет пышақпен соққы жасаған. Тіпті ақ параққа «кешіріңдер мені»,- деген жазба қалдырыпты.

Жігітті бірі ғаламтордағы ойынның тапсырмасын орындаған десе, бірі лудоман болған деп сан-саққа жүгіртуде. Полиция жігіттің бұрын соңды істі болмаған және есірткімен тіркеуде тұрмағанын айтты.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Атырау облысы полиция департаментінде адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Алдын-ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 63 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?