Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Композитор Қалдыбек Құрманәлі жүрек талмасымен ауруханада жатыр

20:37, 10 қазан 2024 2353

Композитор Қалдыбек Құрманәлі жүрегінен талма ұстап, қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы Әнару Қалдыбекқызының адвокаты Ләззат Ахатова ханым өзінің facebook парақшасында жариялады.

Қыздың әкесі Қалдыбек аға жүрегінен приступ беріп, қазір Алматыда ауруханада жатыр. Мен де тамыздан бері ауырып жүргем, соңында суық өкпеме өтіп кетіп, Шымда емханадамын. Сонда да байланысты үзбей, істі бақылауда ұстап отырмын. Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас Прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек. Тағы не айтайын, Сіздерге?”,- деп жазды ол парақшасына.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар