Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шыңжаң мәселесі: АҚШ Қазақстанға пана іздей келген қазақтардың ісіне араласуы мүмкін

13:33, 11 ақпан 2022 278
АҚШ Шыңжағдағы жағдайға байланысты Қазақстанға пана іздей келген қандастардың мәселесіне араласуы мүмкін. АҚШ Корнгресінің қос партиялы органы Мемлекеттік департаментке осыған саятын өтініш жолдады. Бұл туралы The Qazaq Times басылымы жазды.

Қытай ісі бойынша Конгресс-атқару комиссиясының (CECC) екі бірдей төрағысы АҚШ Мемлекеттік департаментіне хат жолдап, Қазақстан, Сауд Арабиясы және Марокко елдерінен пана іздеген ұйғырлар мен қазақтардың ісіне дипломатиялық жолмен ықпал етуді сұрады. Бұл туралы комиссияның ресми сайты мәлімдеді.

Мемлекет хатшы Антони Блинкеннің (Anthony Blinken) атына хат жазып жүрген аталмыш комиссияның Жефф Меркли және Жеймс П. МакГоверн атты демократ төрғалары. Олар хатында бұл пана іздеушілерді Қытайға қайтару халықаралық құқықты бұзатынын, оған қоса қайтарылған жағдайда олардың негізсіз қамалу, азапталу қаупінің бар екенін айтқан. Сондай-ақ, пана іздеушілерді Қытайға қайтару мүмкіндігі бар елдер қатарында Сауд Арабиясы, Марокко елдерімен қатар Қазақстанды да атаған.

Комиссия төрағалары хатында Мемлекеттік департамент басшысынан қазақстандық шенеуніктерден "осы алаңдатарлық мәселені растайтын қосымша мәліметтер сұрауды, әрі "Шыңжаңдағы геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстарды ескере отырып" аталған елдердегі пана іздеушілердің Қытайға қайтарылмауына дипломатиялық жолмен әсер етуге шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар