Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

СІЗДЕР ҚҰРДЫМҒА БАТЫП БАРА ЖАТҚАНДАРЫҢЫЗДЫ БІЛМЕЙСІЗДЕР!

05:22, 05 мамыр 2023 258

ҚЫТАЙ ЖІГІТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЗАМАТҚА АЙТҚАН СӨЗДЕРІ:



– Сіздер, азғантай ғана халықсыздар, бірақ әлемнің басқа ешқандай халқының түсіне кірмеген ауқымды бай жерге ие болып отырсыздар.



Ал осындай үлкен территорияға иелік етіп отырған аз халық, ештеңеге бейімделмегенсіздер. Сіздер бұл жерде жақсы өмір қалыптастыра алмайсыздар. Бұл жерде сіздер мықты, экономикалық тұрғыда толыққанды тәуелсіз күшті мемлекет құра алмайсыздар.



Кеңес Одағы күйреп, бөлек шыққаннан бері өздеріңізді тынымсыз тонап келе жатырсыздар. Біз сіздердің не істеп жатқандарыңызды мұқият қадағалап отырмыз.



Білесіздер ме, жануарлар әлемінің өзінде сіздердегідей болашақ ұрпақтарын несібесін ұрлап жатқандай, балаларының несібесін тонамайды.



Сіздер мұндай жерге иелік етулеріңізге құқықтарыңыз жоқ. Сіздерге міндетті түрде сырттан басқару қажет. Әйтпесе, бұл әділетсіздік, сондықтан бұлай болып жалғасып кете бермейді. Біз сіздерде не болып жатқанын жақсы білеміз. Сол себептен әдейі үлкен көлемдерде несие беріп жатырмыз.



Ал сіздердің ұры шенеуніктеріңіз бұл қаржыны түскен сәттен өңештеріне тоғытуда. Оны кейін қалай қайтаратынын білмейді. Несиеге алып жатқан қаржымен шын мәнінде ештеңе де жасалып жатқан жоқ. Ал ақша ұрланып жатыр, соған орай өздеріңізді қақпанға түсірудесіздер. Ал кезі келгенде оны қайтаруды талап етеміз.



Сонымен қатар, коррупцияға белшесінен батқан шенеуніктеріңізді пайдаланып, төртінші, бесінші адам арқылы болса да сіздердегі сатылатын дүниенің бәрін сатып алудамыз. Кәсіпорынды, жерді, кеніштерді. Өйткені олар бәрін сатып жатыр. Олар біз назар салған нәрсенің бәрін, түрлі схемалар бойынша, сіздердің елдеріңізге тиімсіз, әділетті емес келісім-шарттар бойынша сатып жатыр.



Менің таң қалатыным, немене сіздің елде заңдар жұмыс істемей ме, болмаса құқық қорғау органдары жоқ па, өздеріңізде қандай тұңғиыққа батып бара жатқандарыңызды аңғаратын ақыл-ой жоқ па?!



Бірақ мұндай күйге түскен жалғыз ел сіздер емессіздер. Осыған ұқсас жағдайлар Орта Азия мемлекеттерінің бәрінде болып жатыр. Ресейде де. Бәрін де Қытай жалға алып жатыр, белгілі бір уақытқа ғана келіп жатыр деген аңғал ойға берілген. Олар Қызыл Айдаһардың бір нәрсені алғаннан кейін оны қайтару үрдісі жоқ екенінен мүлде хабарсыз.



Ал бір уақытта біз барлық қарызды бір мезетте толығымен қайтару туралы талап қоямыз. Сол кезде сіздердің ондай мүмкіндіктеріңіз болмайды. Сол уақытта біздің экономикалық мүддемізді қорғау үшін түрлі шараларға баруымыз мүмкін. Ал сіздерде армия дегеннің аты болғанымен заты жоқ екенін жақсы білеміз. Оның күші өз халқыңды тежеуге ғана жетеді.



Міне, Пекинде тұратын қытайлық жас жігіттің, ақпараттарға соншалықты қанық емес жас шенеуніктің айтып отырғаны осы болса, онда терең ойлы тұлғаларының басында не пісіп жатқанын шамалай беріңіз. Мен осы сөздерді естігенде қатты есеңгіреп қалдым. Сол сәттегі жай-күйімді сөзбен жеткізу мүмкін емес.



Айдар ӘЛІБАЕВ,

саясаткер, экономист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар