Ол мұнай компанясының офисіне күнделікті жұмысқа келмей-ақ көп жалақы алып жүрген.
Өзі той басқаратын тамада екен. Жаңаөзенмұнайгазда айлығы жүріп жатыр, былай той-томалақтан күреп ақша табады. Маңғыстаулық айтыс ақынының бұл қылығын әлеуметтік желіде мемлекеттік компанияның қанын сорып отырған паразит деп атаған.
Ал жаңаөзендік мұнайшылар жұмыс таба алмай Астанаға митинг жасап келді.
Мұнайшылар жұмыс істейтін компанияға мұнай саласына қатысы жоқ айтыс ақыны жұмысқа тұрып алып түк істемей айлық алып жүргені масқара ғой.
Бүгін одан өткен масқара болды. Айтыс ақыны Нұрлан Мұсаев «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» Маңғыстау облысындағы төрағасы болып тағайындалды. Қоғамдағы мұндай паразитті есекке теріс мінгізіп тентіретіп жіберу керек еді. Бәрі керісінше болып жатыр. Енді ол түкке қажеті жоқ одақ филиалының төрағасы болып алып, халыққа қажеті жоқ өтірік айтыс өткізіп, өзі сияқты билікшіл ақындарға өлең айтқызып, облыстық Мәдениет басқармасына бөлінентін бюджеттің қаржысын сорып отырмақ па?
Бұрын ол мұнай компаниясын соратын паразит еді, енді әкімдікті соратын паразитке айналды.
Бұдан өткен масқара, бұдан өткен жең ұшынан жалғасқан сыбайластық біздің елде ғана болатын шығар. Дәл осындай қоғамның паразиттерінінен қашан құтыламыз, ағайын?
Қылышбек Отаров