Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Солтүстік Қазақстандағы 2 ірі су қоймасы 100% толы". Елдегі бөгеттердің жағдайы қандай?

19:38, 14 сәуір 2024 721

Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын қайта қарайтыны хабарланды. Құжатқа су тасқынының алдын алу және оның шығындарын азайту жөніндегі кешенді іс-шаралар қосылатын болады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

«Қазіргі уақытта Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100% толы. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды. Бірақ, Жабай өзенінің реттелмейтін ағынының артуына байланысты Атбасарда су тасқыны жалғасып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100% толы, су тасқыны жалғасып жатыр. Екі су қоймасы да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр, бұзылу қаупі жоқ. Су тораптары көпфакторлы тексеруден өтті, техникалық жағдайы қанағаттанарлық», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева Орталық коммуникациялар қызметінде.

"Қазақпараттың" хабарлауынша, Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1 243 см, бір тәулікте ол 103 см-ге көтерілді. Мамандар су өткізу іс-шараларын атқарып жатыр.  Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты.

Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинауы – 74%. Иреклі су қоймасынан жіберілген су әлі Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Бұған қатысты болжам өзгермеді. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтіліп отыр.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 93%, су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастырып жатыр. 

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші – 80%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 89%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына ағындардың ұлғаюына байланысты су жіберу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жалпы, Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар