Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сорлы қатын, осыны да үйрететін болдық қой». Коуч әйелдерге бала туа бермеуге кеңес берді

14:25, 09 қазан 2024 641
 

Психолог, коуч Роза Әшірбаева әйелдерге тосын кеңес айтып, араға төрт жыл салып қана бала босануға кеңес берді. Оның бұл пікірі ел талқысына түсті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы хабарлады.

Skifnews.kz ақпарат порталы Роза Әшірбаеваның қазақтың қыз-келіншектеріне тағы бір кеңес айтып, елді елең еткізгенін жазды

«Қыздар, арасына төрт жыл салып бала табыңдар. Сонда арасында өзің жұмыс істеп, нарықта сұранысқа ие маман боласың. Үлкенің балабақшада, оған өзің ғана таси бермей, байыңды да жегіп қоясың. Сөйтіп, жұмыс істеп жүріп, тағы көтересің, бесінші жылы туасың. Сол кезде үлкен балаңның екі жыл балабақшада еті үйренген, бірінші кездегідей жылап, ауыру жоқ, үйреніп қалды. Яғни, төртке келген кезде келесі баланы туасың, сорлы қатын осыны да үйрететін болдық қой», — деді коуч.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?