Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сот Тұрлыхановтың ұлына қандай үкім шығарды?

10:17, 09 қазан 2023 175

Алматы әскери соты мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа үкім шығарды. Сот оған 1 млн 700 мың теңге айыппұл салды. 20 жастағы Нұрасыл Болатқа (Тұрлыхановтың төртінші ұлы әрі кенжесі - ред) алматылық ерлі-зайыпты әрі заңгер Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылған болатын. Іс материалын зерделеп, тараптарды тыңдай отырып, сот мынадай қорытындыға келген.






-Нұрасыл Болат қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салынсын, - деді судья Дихан Әлиасқаров.

Айта кетейік, оқиға осы жылдың 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған еді.

Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған.

Бұл жағдай қоғамда дау тудырған соң, Алматы қаласының полиция департаменті қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Ал кейін адвокатты соққыға жыққан адам мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған еді. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?