Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сотта Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының таяқ жеген фотоларын көрсетті

11:18, 29 наурыз 2024 486

Астаналық сотта экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы 29 наурыз күні сағат 10:00-де басталды. Сот отырысында Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Салтанаттың соққыға жығылған кезде түскен фотоларын көрсетті.

«Қарындасым 2022 жылдың тамызында ол маған көңіл бөліп жүрген бір жігіт пайда болғанын айтты. Ол (Бишімбаев) Салтанаттан кеңес алуға жазылуға бірнеше рет тырысқан. Салтанат астрология бойынша ер адамдарға кеңес бермейтін. Сондықтан қабылдаудан бас тартқан. Тіпті бір әйел қабылдауға жазылып, артынан Қуандық келген кез де болған. Яғни ұзақ уақыт бойы кездесе алмай жүрген. Артынан Қуандық Салтанаттың нөмірін тауып алып, жаза бастаған. Салтанат оны да маған көрсетті. Хатта Қуандық «Салтанат, мен туралы асығыс шешім қабылдамаңыз. Танысайық, сөйлесейік. Мен туралы жазылған нәрселерге сенбеңіз. Өзіңіз ойланып, мені қабылдауыңызға жазыңыз» деп жазған. Кейін Салтанат Қуандықты ақыры қабылдауына жазғанын білдім. Ақыры 2022 жылы 29 қыркүйекте Бишімбаев Салтанатты Константин Меладзенің концертіне шақырған. Артынша қазан айында Салтанат Бакудегі құрбысына барған», - деді сот отырысында Айтбек Амангелді.

Ағасының айтуынша, сол кезде ол Бакуге Қуандық Бишімбаевпен бірге барған.

«Салтанат Бишімбаев оның талғамындағы жігіт емес екенін, ортақ әңгімелері жоғын, тіпті астрология бойынша да сәйкес келмейтіндерін айтқан болатын. Бірақ Бакудегі сапардан кейін Салтанаттың Қуандық туралы ойы өзгерді. Қазанның соңында Қуандық Салтанатқа үйленуге ұсыныс жасағанын естідім. Оның инстаграм арқылы білдім. Салтанат ата-анамызбен сөйлесіп, Қуандықты жақтады», - деді Нүкенованың ағасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар