Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқыны болды, биыл жазда еш демала алмадым - ШАРЛАПАЕВ

12:08, 13 тамыз 2024 328

Үкімет отырысында журналистер министр Қанат Шарлапаевқа сұрақтар қойды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Отандық өндірушілерді қолдау мәселесі талқыланған отырыста министрге "Отандық өндіріске жауапты министр отандық қызметті пайдалана ма?"сұрағын Ulysmedia.kz тілшісі қойған еді. 

Министр әлі еңбек демалысына шықпағанын айтты.

– Менде ешқандай демалыс болған жоқ. Қазір тасқыннан зардап  шеккен тұрғындардың үйлерін қалпына келтіру, оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін өңірлерге көп барып жүрмін. Сонымен осы жазда менде ешқандай демалыс болған жоқ. Жыл аяғына дейін ешқандай демалыс болмайды», - деді Қанат Шарлапаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар