Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Экспоға кеткен 940 млрд теңгені бөгетке жұмсағанда су тасқыны болмаушы еді - Ерлан Саиров

12:33, 16 сәуір 2024 1646

Су тасқыны болсын, Арыстағы, Жамбылдағы мәселелер - ескі жүйенің іріп-шіріген коррупцияның жемісі. Бұл пікірді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

"Халыққа тиесілі ақшаның барлығы сол кісілердің қалтасына я болмаса валюталистік жобаларына кеткен. Қазақстан халқының қаржысы өз орнында болған кезде дәл қазіргідей жағдай елде еш болмас еді.

Бірінші факт: 2017 жылы Экспоны өткізуге 2 млрд доллар жұмсадық. Бұл дегеніміз 940 млрд теңге. Осы ақшаны ауылдағы тоғанға, суды бөгеуге, платина салуға жұмсайтын болсақ, бұндай алып деңгейдегі мәселе болмас еді. Билік бізге “Қазақстан жасыл экономиканың ордасы болады" деп еді, қайда қазір жасыл экономика? Бұл мәселені әрі қарай ашу керек. Экспо кезінде салынған ғимараттар қазір кімнің қолында? Соны білу керек.

Бұл бірінші , екінші ахуал, 2008-2018 жылдар аралығында жекеменшік банктерге 8,2 трлн теңге берілген. Бұны мен емес, Дүниежүзілік банк баяндап отыр. Сол ақшаның қазір тек мемлекетке 1,2 трлн ғана қайтты. Қалған халықтың ақшасына басшылар әлі тайраңдап жүр. 8 трлн теңге ауыл-аймаққа инфоқұрылымға бөлінген кезде бұндай қайғылы жағдай болар ма еді?",- деді Ерлан Саиров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар