Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша 550 мың теңгеден төленетіні рас па? - Үкімет жауап берді

10:48, 23 сәуір 2024 1230

Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша 550 мың теңгеден төленеді. Бұл туралы үкімет басшысы мәлімдеді. 

Қаржы тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты бірінші кезектегі қажетті заттарға арналады.

 Премьер-министр Олжас Бектенов бұл үкіметтің атқаратын үлкен жұмыстарының басы екенін алға тартты. 

Айтуынша, қазірдің өзінде 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК көлемінде төлем алған. Кәсіпкерлердің шығыны да өтелмек.

«Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Ешкім де көмексіз қалмайды», - деп атап өтті үкімет басшысы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар