Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Суға кеткен кейбір ауылдар басқа елді-мекенге көшіріледі - ТОҚАЕВ

14:07, 25 сәуір 2024 445

Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев тасқын аяқталған соң кейбір ауыл басқа жерге көшіріліп, жаңадан бой көтеретінін айтты.

"Жол салынады, су тартылады. Ауылдарымыз мүлде жаңа келбетке ие болады. Жалпы әлемдегі үлкен дағдарыстардың қарқынды дамуға жол ашатыны белгілі" деді президент.

Тоқаев тасқыннан мыңдаған адам мал-мүлкінен айырылып, табыссыз қалғанын айтты. Оның сөзінше, мемлекет азаматтарды қолдау мақсатында нақты шаралар қабылдап жатыр.

"Зардап шеккен әр шаңыраққа бір реттік көмек беріледі. Бұдан бөлек, шығынды санағаннан кейін жойылған немесе зақымдалған мүлік үшін де өтемақы беріледі. Мемлекет бүлінген баспаналарды жөндейді, қирап қалған үйлердің орнына жаңасын салады" деді Тоқаев. 

Тоқаев нақты қай аудандар көшетінін атамады, бірақ "өзен жағасына үй салу қауіпті, оны қайтадан су шайып кетуі мүмкін екенін ескерген жөн" деді. 

Оның айтуынша, "құрылыс салатын жерді таңдағанда елді мекеннің гидрологиялық және географиялық ерекшелігін ескерген жөн.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар